30
апрель
2020
Онлайн олимпиада
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Еңбек орта мектебінің оқушылары қашықтықтан оқыту кезінде де түрлі олимпиадаларға қатысып,өз білімдерін шындауда.Атап айтатын болсақ, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz сайты оқушылар арасында ұйымдастырған қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым А.Байтұрсынұлы атындағы IV Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасына 6"А"-сынып оқушысы Омархан Аяжан,5"А"-сынып оқушысы Аблажан Ертарғын сынды оқушылар қатысып, арнайы сертификаттар мен жүлделі II дәрежелі дипломдармен марапатталды.Бұл оқушылардың жетекшісі мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кеклова Алма Мукамгалиевна.
