Тәрбие ісі бойынша өзін-өзі бағалау » Еңбек орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тәрбие ісі бойынша өзін-өзі бағалау
13
июль
2023

Тәрбие ісі бойынша өзін-өзі бағалау

     

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Еңбек орта мектебі – Өрнек бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2022-2023 оқу жылының қорытынды есебі


2022-2023 оқу жылының «Еңбек орта мектебі – Өрнек бастауыш мектебімен» КММ  тамыз айында тәрбие жұмысының іс-шара жоспары ҚР Білім және ғылым Министрінің 2021 жылдың 16 қыркүйек №472 бұйрығына негізделе отырып жасалып, мектеп директорымен бекітілді. Тәрбие жоспарына 2022-2023 оқу жылына арналған ӘНХ ішінде қарастырылған ЖЖЕ сабақтары атап айтқанда 1-4 сыныптарда 6 сағат, 5-8 сыныптарда 10 сағат жоспарға енгізілді. Осыған орай 1-4 сыныптарда «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсын міндетті меңгеру қамтамасыз етіледі. Оқу курсының мазмұнын 1-4 сыныптарда «Дүниетану» оқу пәнінің шеңберінде: жылдық оқу жүктемесі 1-3 сыныптарда 6 сағаттан, 4 – сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімдері іске асырады. https://www.instagram.com/reel/CiaaRa3AXPL/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

«Жолда  жүру ережелері» оқу курсының мазмұнын 1-4 сыныптарда әрбір сыныпта 6 сағаттан, 5-8 сыныптарда әрбір сыныпта 10 сағаттан сынып сағаттары есебінен және сабақтан тыс уақытта сынып жетекшілері жылдық жұмыс жоспарында тақырыптары мен мерзімін көрсете отырып, іске асырады. https://www.instagram.com/reel/CiaIJtAgUtP/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Аталған жоспар тәрбиенің 8 басым бағыттары бойынша жыл бойы жүргізілетін шаралары ұйымдастырылды. 

Олар:

1.       Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
 
Мақсаты: балалар мен жастардың патриоттық сана-сезімі мен өзіндік сана-сезімін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды тәрбиелеу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, олардың құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас.

2.       Рухани-адамгершілік тәрбие
 Мақсаты: жеке тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның адамгершілік қасиеттері мен көзқарастарын қайта құру туралы қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарына, нормалары мен дәстүрлеріне сәйкес келетін "Рухани жағырудың" құндылық негіздері туралы терең түсінік қалыптастыру; "Өзін-өзі тану" негізінде рухани-адамгершілік тәрбие беру.

3.       Ұлттық тәрбие
 Мақсаты: жеке тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, мемлекеттік тілге, Қазақстан халқының мәдениетіне құрмет көрсетуге бағыттау.

4.       Отбасылық тәрбие
 Мақсаты: неке және отбасы мүшелерін құрметтеу құндылықтарын тәрбиелеу; отбасылық культ; толыққанды отбасын құру үшін денсаулық құндылықтары; отбасы мен достарына деген адалдық; отбасылық дәстүрлер; жәдігерлер мен әдет-ғұрыптарды құрметтеу; ана болудың қасиеттілігі; сезім құндылықтары - сүйіспеншілік, адалдық, достық, ата-аналарды тәрбиелеу, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі мен балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін арттыру.

5.       Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
 Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы қатынасты қалыптастыру, жеке тұлғаның экономикалық ойлауы мен экологиялық мәдениетін дамыту, қайталанбас құндылық ретінде табиғатты сүю; кіші Отан ретінде туған табиғатқа деген сүйіспеншілік.

6.       Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
 Мақсаты: әр адамның интеллектуалдық мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттері мен дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетті, соның ішінде балалардың кибер мәдениеті мен кибер гигиенасын дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру.

7.       Көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие
 Мақсаты: Жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның өнер мен шынайылыққа эстетикалық объектілерді қабылдауға, меңгеруге, бағалауға дайындығын дамыту, оның ішінде "Ұшқыр ой алаңы" мектеп оқушыларының дебаттық қозғалысы" жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру арқылы білім беру ұйымдарында полимәдени орта құру, эстетикалық талғам мен сезімнің эстетикалық санасын, халықтардың ұлттық мәдениеттері құндылықтарына көркемдік-эстетикалық сезімталдықты қалыптастыру.

8.    Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
 Мақсаты: салауатты өмір салтының, дене шынықтыру мен спорттың, дене шынықтырудың құндылығын, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастыру.  

                 2022 жылдың тамыз айында яғни 2022-2023 оқу жылының басталуы қарсаңында  әдеттегідей   мектепте Республикалық  «Мектепке жол» акциясы өз бастамасын алды. Акция мақсаты: -аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алуына бағытталған «Мекетепке жол» қайырымдылық акциясы «Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық» атты ұранымен өткізілді. Аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін көмек көрсету. Осыған орай мектепішілік «Мектепке жол» акциясы  бойынша бұйрық шығарылып, оған қоса іс-шара жоспары жасалынды. Аталған жоспарға сәйкес ауылымыздың беделді азаматтарына сұраныс хаттар жіберіліп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушыларға мектеп формасы мен кеңсе тауарлары сияқты көмек көрсетілді. Осымен "Мектепке жол» акциясы өз жалғасын тауып сынып жетекшілер тарапынан акция барысында аз қамтылған, көмекке мұқтаж отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушыларға демеушілер тарапынан мектеп бойынша азық түлік себеттері, кеңсе тауарлары, мектеп формасы, киім-кешек, аяқ киім т.б., заттар таратылды. Осыған орай жыл бойы яғни 2022-2023 оқу жылы барысында «Мектепке жол» акциясының өтілу барысында бір әкемен, бір шешемен, жетім, жартылай жетім жанұя жағдайы төмен отбасыларда тәрбиеленіп жатқан оқушыларға материалдық көмек көрсетілу керек екендігі жоспарланып отыр. Ол нақты айта келгенде дәптерлер, мектеп формасы және басқа да киімдер. Сонымен қатар оқу жылының басында жалпы мектепішілік әлеуметтік төл құжаты жасалды. Аталған төлқұжат сынып жетекшілердің әрбір оқушыға жасаған тұрғын үй тұрмыстық жағдайын тексеру актісі болып саналды. https://www.instagram.com/p/ChZ6wW4M0sL/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

2022-2023 оқу жылының алғашқы білім күнінің «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты  сынып сағаты Қазақстан Республикасының Президенті «Жастар жылы» деп жария еткен жолдауына негізделе отырып өткізілген болатын. Осыған орай барлық шаралар балалар жылына арналып, кең ауқымды жан-жақты тақырыптарда өткізілді. Сынып жетекшілер буын буын бойынша сыныптарын безендендіріп, видео роликтер дайындап, оқушы бойына патриоттық сезімін арттыру мақсатында алғашқы сынып сағаттарын қажетті талаптарға сай жоғары дәрежеде өткізді. Барлық өткізілген сынып сағаттары мектептің жеке әлеуметтік парақшалары арқылы Instagram, Facebook атты әлеуметтік желілеріне жарияланды.https://www.instagram.com/reel/CiFc8kVgmh4/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

 2022-2023 оқу жылы басында  мектеп бойынша жалпы оқушы саны 565 құрап отыр. Соның ішінде Өрнек ауылынан Ақтоғай ауылына тасымалданып оқитын  оқушы саны 89 құрады. І ауысым бойынша 36 оқушы, ІІ ауысым бойынша 53 оқушы. ЖББ (жалпыға бірдей білім беру) қоры есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушы саны 100, жалға алушы тарапынан тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушы саны 20. Жалпы 120 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар әлеуметтік аз қамтылған 53 оқушыларға Аудан тарапынан мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алуға бағытталған әрбір отбасына 37389 теңге қаражат берілді.  

Мектепішілік жоспарға сәйкес оқушыларға оқу жылының басында Еңбекшіқазақ АПБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы полиция капитаны А.С.Акимжанова құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 5-11 сынып оқушыларымен жиын өткізді. Аталмыш жиынның басты мақсаты оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу жайлы, сонымен қатар буллинг яғни ақша бопсалау фактілерін болдырмау және әлеуметтік желілерге аты шулы «Собачий кайф» т.с.т атты ойындардан аулақ болу. Аталған жиын барысында оқушылар назарына әр-түрлі тақырыптарға яғни спирттік ішімдіктерін қолдану, темекі өнімдерін қолдану, қаңғыбастыққа салыну арқылы алып келер зардабы, түнгі рейд, бопсалау, әлімжеттік көрсету, т.с.т., видео көрсетілімдер көрсетілді. Оқушылар жиын барысында өздерін белсенді көрсетіп, аталған тақырыптар бойынша жақсы кері байланыс жасады. https://www.instagram.com/reel/CjujvyUgQE0/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

2022-2023 оқу жылының басталу қарсаңында мектептің 1-11 сынып жетекшілері сыныптың ата-аналарымен жеке-жеке жиын ұйымдастырып, өткізді. Жиын барысында күн тәртібінде оқушылардың тәртібі, оқу үлгерімі, техника қауіпсіздігі және ең өзекті болып оқушылардың күнделікті мектеп формасының киюге және мектептің ішкі тәртіпбінің ережесіне немқұрайлы бұзылуына жол бермеу туралы  сұрақтар қарастырылды. «Оқушы мен ұстаздың арасындағы алтын көпір ол ата-ана демекші» мектеп бойынша мектеп өміріне ата-аналарды тарту арқылы олармен тығыз   қарым қатынасты нығайту мектеп бойынша басты мақсат болып табылады.  Олай болса ата-анамен жұмыс жүргізу арқылы оқушының мінез құлқын түзету, оқушыны биік шыңдарға жетелеу, жақсы нәтиже көрсету ол ата-ана ажырамас бөлігі болып табылады. 

 Қыркүйек айының 13 жұлдызы күні «Рәміздерді құрметтейік» атты сайыс, видео көрсетілім мектептің 1-11 сынып оқушылары назарына паш етілді. Аталған шараға мектеп оқушылары белсене қатысып, жеңімпаздар марапат қағаздарымен марапатталды. Оқу жылының басында мектепте «Өзін-өзі басқару» ұйымын құру мақсатында мектеп парламентің сайлауы өткізілді. да өтетін Тіл апталығына байланысты «Тілім менің - тұғырымның тірегі» атты мектепішілік қабырға газеттерін шығара отырып, мектеп ұстаздары ашық тәрбие сағаттарын талапқа сай өткізді.   Аталып өткен апталықтың қорытындысы бойынша үздік сыныптар марапаттау қағаздарымен марапатталды. Мектептің мәжіліс залында сыныптар арасында Тілдер мерекесіне байланысты жиын өткізілді.  

16.09.2022 күні 1-11 сыныптар аралығында  дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерімен бірлесе отырып, «Белсенді өмір-жүз жастық ғұмыр» атты денсаулық фестивальі өткізілді. Денсаулық күніне байланысты футболдан, волейболдан жарыстар өткізілді. Аламан ойыны және көңілді эстафета ұйымдастырылды. https://www.instagram.com/reel/CisWPFTAPsC/?igshid=YmMyMTA2M2Y= \https://www.instagram.com/reel/CiuPb0qAOWK/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

      12 қыркүйек Отбасы күніне орай сынып сағаттары өткізіліп, бейнероликтер жасалды. https://www.instagram.com/reel/CiaFHCJAZCH/?igshid=YmMyMTA2M2Y=https://www.instagram.com/reel/CiZ0IofAftm/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

       19-25 қыркүйек аралығында 8-10 сынып оқушылары арасында  Мектеп Парламенті Перзидентіне және фракция мүшелеріне  сайлау жүргізілді. Хабарландыру жарияланып, үміткерлердің жобасы инстаграм парақшасына салынып, көп дауыс жинаған үміткерлер екінші кезеңге өтті. Екінші кезеңде оқушылар мен ұстаздар офлайн дауыс беріп, нәтижесінде Мектеп Парламентінің Президенті Курбанов Амирали, сайланды. Мектеп Парламенті жоспар бойынша жұмыс атқарып, әртүрлі іс шаралар ұйымдастырып, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысады. https://www.instagram.com/reel/CirJd5Domwy/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

     30.09. 2022ж күні қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап, шәкірттердің бойына жеткізе білген, бойындағы бар жинап-терген білімін оқушылардың санасына сапалы етіп сіңіре білген, балалардың білімді, парасатты болып шығуын мақсат еткен Ұстаздарымызға   арналған «Ұстаз- ұлы тұлға!» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Сонымен қатар, мектебіміздің  жас мамандары шағын мерекелік кеш ұйымдастырып, ұстаздарды мереке күнімен құттықтады. Мұғалімдер күнінде мектеп Парламенті  «Өзін-өзі басқару» күнін ұйымдастырды. 10 сынып оқушылары ұлы мамандық иелерін гүлмен қарсы алып, өздерінің жылы тілектерін білдірді.   «Мұғаліміңді құттықта!» республикалық акция аясында сыныптар бойынша тәрбие сағаттары өткізіліп, «Ұстазға тағзым» атты құттықтау қабырға газеті жасалды.  Мектеп Парламенті мүшелері  ардагер ұстаздарды  мерекемен құттықтады. Мерекелік кеште оқушылар сынып жетекшілерін, пән мұғалімдерін құттықтады,  білім мен тәрбие беруде адал еңбек етіп, қосқан үлесі үшін аудандық білім бөлімінің , жергілікті ауылдық әкім аппаратының мақтау қағаздарымен мұғалімдер марапатталды. https://www.instagram.com/reel/CjLRLBRgllj/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

     Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі Э.Омарханның  жетекшілігімен «Прометей» дебат клубы жұмыс жасайды. Қыркүйек айында  "Бірыңғай мектеп формасы қажет пе?" тақырыбында ұшқыр ой алаңы өтті.  Мақсаты:   Мектеп формасы керек пе, жоқ па деген сауалға жауап іздеу,  мектеп формасының маңыздылығын  айқындау, өзінің ұстанып отырған бағытының дұрыс екенін дәлелдеп шығу. Дебат мүшелері екі жақты пікірлерімен сөз сайысын  жоғары деңгейде көрсетті. Ұстанып отырған бағытын әртүрлі ақпараттармен дәлеледеп, көптеген сұрақтарды талқылады. https://www.instagram.com/p/Cj7dSw_M5zO/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

1 қазан қарттар күніне арнап «Қарттарым асыл қазынам», «Адамдардың қарым-қатынасы», «Менің кәсіби болашағым» атты тәрбие сағаттары өткізілді. 

     18.10.2022 күні Ұлдар жиналысы өтті.Жиналыстың   тақырыбы: "Зиянды заттардан аулақ болайық!" Мақсаты:оқушыларды салауатты өмір салтына, толеранттылыққа тәрбиелеу, еліміздің болашағы яғни жас ұрпақты ішімдік, темекі, есірткі сияқты қоғамның кері әсер ететін құбылыстарынан нақты мәліметтер бере отырып, олардан бойын аулақтату. Жиналыс барысында оқушылар ҚР Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 25 мамырдағы 235 бұйрығымен,яғни білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдалануы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесімен таныстырылды. Сонымен қатар,  әлеуметтік желілердегі адам өміріне қауіп төндіретін іс-әрекеттерді қолданбауға  және қайталаумауға кеңес берілді.

Мектебімізде 18.10.2022 ж күні қазақ тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист,  педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі-Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш өтті. Кештің мақсаты:  жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен,  Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармаларын оқып-білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. https://www.instagram.com/p/CiIQ8NvMMXr/?igshid=YmMyMTA2M2Y=               

      25 қазан- Республика күніне орай апталық жоспар жасалып, бекітілді. Мектеп кітапханасында "Республика күні-ұлттық мереке" атты кітап көрмесі өткізілді.  «Қыран елім Қазақстаным», «Атамекен» тақырыптарында  диктант және эссе жазу ұйымдастырылды. Республика күніне арналған тәрбие сағаттары өткізіліп, құттықтау бейнероликтері жарияланды. 22.10.2022 ж. күні Республика күніне арналған мерекелік кеш өтті. Мақсаты:   Оқушыларды өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.https://www.instagram.com/reel/CkBYeiZAP1y/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

https://www.instagram.com/reel/Cj71uszgA_e/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

21-27. 10.2022 күндері Қыздар жиналысы өтті.Жиналыстың   тақырыбы: "Зиянды заттардан аулақ болайық!" Мақсаты:оқушыларды салауатты өмір салтына, толеранттылыққа тәрбиелеу, Еліміздің болашағы яғни жас ұрпақты ішімдік, темекі, есірткі сияқты қоғамның кері әсер ететін құбылыстарынан нақты мәліметтер бере отырып, олардан бойын аулақтату.  Электронды темекінің зияны, құрамындағы зиянды заттар, адам ағзасына тигізер залалы туралы тың мәліметтер беріліп,  видеоқойылымдар көрсетілді. Оқушыларды зиянды заттардан аулақ болуға кеңес берілді. 

      20.10.2022ж күні 1-4 сынып оқушылары арасында "Алтын күз"  атты жеміс-жидектерден жасалған экибана сайысы өтті. Оқушылар өз өнерлерімен күзгі мезгіл келбетін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.https://www.instagram.com/reel/CkBsLYvgKqX/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

             Күзгі демалыс кезеңінде атқарылатын іс-шара жоспары жасалып, бекітілді. Жоспар негізінде  педагог организатор Д.Галиеваның ұйымдастыруымен 5-11 сынып оқушылары Алматы қаласында орналасқан Орталық мұражайға, саябаққа, демалыс орындарына   саяхат жасады. https://www.instagram.com/p/CkYSMJtsdgQ/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

 Құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде   мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы  жұмыс жасайды. Оқуға құштар мектеп       жобасы аясында өткізілетін   іс-шара жоспары бар. Мақсаты: оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу. Оқуды жандандыру жөніндегі бағдарламаны дамыту, сауаттылық пен оқу мәдениетін қолдау, рухани мұраны сақтау, жастарды ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, туған жеріне, еліне деген патриоттық сезімін ояту. Бүгінгі таңда мектеп кітапханасы 30 кітаптың тізімін әзірледі.  Күтілетін нәтижелер: білім алып жатқан оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының, жалпы түркітілдес халықтар әдебиетінің алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, үйрету, жастар арасында кітап оқуды сәнге айналдыру. Жоба барысында мектепте «Кітапханаға кітап сыйла» атты букроссинг ұйымдастырылды. https://www.instagram.com/p/ClDpOANMYwR/?igshid=YmMyMTA2M2Y= Мектеп фойесінде кітаптардан құралған  букроссинг https://www.instagram.com/p/Ccwl24rIUlx/?igshid=YmMyMTA2M2Y= бұрышы қойылды   Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады.  Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Оқу мәдениеті оқушылардың нақты және жаратылыстану ғылымдарын, еңбекке үйрету және дене шынықтыру, сондай-ақ басқа да пәндерді табысты оқып білу үшін міндетті. «Оқу мәдениеті –өзін –өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы. Жаңа стандартта бастауыштағы оқушының оқу құзыретін қалыптастыру үшін әдеби оқу үйрену басымдық болып табылады. Әрине, адамның кітапқа деген қатынасы бастауыш мектеп жасында қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларымен  5 минуттық оқу, әр сабақ сайын 5 минуттық оқу жүзеге асырылды. Ата-аналарға кеңес ретінде ұйықтар алдындағы оқу, аялауыш тәртіптегі оқулар ұсынылды.  1-4 сынып оқушылары ертегі кітаптарды оқып, ертегі кейіпкерлерінің суреттерін салып, кері байланыс жасалды.  Сонымен қатар мектебімізде «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі», «Әжелер мектебі» ұйымы жұмыс атқарады.   https://www.instagram.com/reel/Cjse7L5grT8/?igshid=YmMyMTA2M2Y=  Соңғы ұйымға тоқтала кетсек бұрыңғы салт дәстүрлерді еске түсіру, жаңғырту мақсатында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мақсатында өз жұмысын іске асыруда. ІІ тоқсан қорытындысы бойынша    Күзгі каникул шарасы ұйымдастырылып, барлық мектеп оқушылары техника қауіпсіздігімен таныстырылып, қолдары қойылды. Каникул шарасы барысында үлгермеуші оқушылармен қосымша сабақтар топтамасы мен спортттық шаралары жоспарға сай өткізілді. 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсідігі мерекесіне орай мектебіміздің мсәжіліс залында мерекелік шара өткізіліп, аталмыш шараға мектеп оқушылары белсене қатысты. Яғни оқушылардың бойына Патриоттық сезімін ояту мақсатында жан-жақты сынып сағаттары мен шаралар өткізілді. Ары қарай жаңа жылдық «Қош келдің жаңа жыл» атты оқушыларға арналған апталық өткізіліп, бастауыш буын арасында сурет  байқаулары мен мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Оқушыларға арналған мерекелік шараны 7 А және 10 А,Ә сынып оқушыларының сүйемелдеуімен жоғары дәрежеде оқушылар көңілдерінен шығатындау жақсы өткізілді. 30 желтоқсан күндері мектеп оқушыларынан техника қауіпсіздігімен таныстыру жұмыстары өткізіліп, қысқы каникул жоспарлары әзірленді. 

ІІІ тоқсан басталуы яғни қаңтар айында Қазақстан Республикасының әнші, сазгер Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған сынып сағаттары мен мерекелік шарасы өткізіліп, әлеуметтік желілірге жарияланды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмездерін құрметтейік атты шара өткізіліп, оқушылар арасында анкетирование жүргізіліп, оқушщылардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен Патриоттық сезімін айқындайтын шаралар өткізлді.  Сонымен қатар Өмірге «Йа» деп айт атты Республикалыө науқан өткізілді. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жоспарға сай шаралар өткізілді. 

Ақпан айында ақиық ақын м.Мақатаевтың туылған күніне орый мектебіміздің қазақ тілі ұзтаздарымен бірге өткізілген мерекелік шара өткізілді. Ол жерде ақын М.Мақатаевқа байланысты барлық мәліметтер айтылды. Концерт соңында оқушылар мен ұстаздар арасында жақсы кері байланыс жасалды. Сонымен қатар мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізіліп, отбасының ұйытқысы атты ата-аналар арасындағы жақсы шаралар өткізілді. Шараның мақсаты яғни ата-аналарды мектеп өміріне тарта отырып, жағымды орта қалыптастыру. Мектептің былтырғы жылдан бері өткізіліп, келе жатқан «Оқуға құштар» жобасы өз аясында жұмыс жүргізіп, мектеп оқушыларының кітап оқу, оның мазмұнымен танысу бойынша жоба аясында керемет жұмыс жүргізілді. «Бейбітшілік балалар көзімен» атты бастауыш буын сынып оқушылары арасында сурет байқаулары өткізілді. 

Наурыз айының 1 күнімен Қазақстан Республикасының «Алғыс айту» күні мерекесіне орай барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізіліп, мектептің мәжіліс залында концерттік бағдарлама өткізлді. Ары қарай ұласқан мерекелік күндер 8 наурыз  Халықаралық әйелдер күнімен жалғасты. Аталмыш мерекеге мектептің барша сыныптары арасында аналарға арналған мерекелік сынып сағаттары мен мектептің мәжіліс залында мерекелік шара өткізілді. Шараға барша оқушылар белсене ат сылысты. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай мектептің барша ұстаздары мен оқушылары белсене қатысып мектептің спорт залында концерттік бағдарлама өткізілді. 

Сәуір айының басында жоспарға сәйкес мектеп оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша 1-11 сынып оқушылар арасында жан-жаөты жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар 12 сәуір Ғарышкерлер күніне орай мектепте сынып сағаттары өткізіліп, ғарыш әлемін бағындырған ұшқыштарды еске ала отырып, оқушы бойына өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін насихаттайтын шаралар өткізілді. Оқушылар арасында әндер байқауы өткізілді. Жеңімпаздар амарапт қағаздарымен марапатталды. 

Мамыр айының 1 күні «Қазақстан Республикасының Халықтарының Бірлігі күні» мерекесі өткізілді. 3 Мамыр күні отбасы арасындағы бірлік пен татулық мақсатында денешвынықтыру пәні мұғалімдерінің бастамасынмен спорттық ойын түрлері өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды. 4 мамыр күні Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» және «Жас қыран» ұйымына 3-8 сынып оқушыларын қабылдау рәсімі өткізілді. Аталмыш шара 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне негізделе отырып өткізілді. 5 мамыр күні Жеңіс күніне орай мерекелік шаралар мен сынып сағаттары өткізілді. Аталмыш шаралардың барлығы әлеуметтік желілірег жарияланды. Сонымен қатар мектепішілік «Жігіт сұлтаны» атты мектепішілік сайыс өткізіліп, бастауыш буын арасында Мейрамғали Мейірхан жоғары буын арасында Әлимжанов Арафат жеңімпаз атанды. 31 мамыр саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні бойынша сынып сағаттары өткізілді. Жазғы сауықтыру лагері бойынша жоспар жасалынып, мектеп директорымен бекітілді.    



Орын.МДТІЖО

М.Кагазбаев


Похожие публикации:

20 январь 2022 Direktor blogi