Оқу бөлімі бойынша өзін-өзі бағалауы » Еңбек орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқу бөлімі бойынша өзін-өзі бағалауы
13
июль
2023

Оқу бөлімі бойынша өзін-өзі бағалауы

Оқу – тәрбие жұмысының 2022 – 2023 оқу жылына арналған 

өзін – өзі бағалау



Білім беру сапасын басқару

Мектептегі білім беру сапасын бақылау мен басқару оқу тәрбие   жұмысының   жылдық  жоспарындағы   мектепішілік  бақылау және  мемлекеттік   білім беру  станюдартының  орындалуын қадағалау  жоспарлары   арқылы іске асырылды. Мектепішілік   бақылау жоспары іс - құжаттарының   жүргізілуін  бақылау,  фронтальді , аралық, жекелей,  сыныптық жинақтық,  тақырыптық бақылау түрлеріне қарай  бөлінген. Жоспарда бақылау объектілері, мақсаты көрсетіліп, қорытындысы қайда   қаралатындығы жазылғын. Іс -құжаттардың   жүргізілуін бақылау  бойынша  мектептегі   құжаттар. Сынып журналдары,  оқушы күнделіктері  ай сайын, оқушы  дәптері, жеке   іс - құжаттары, бұйрық кітаптары   мен  жоспардың  жағдайы кестеге сай тексеріліп, қорытынды анықтамалары  жазылған,  нәтижесі   директор жанындағы  отырыста қаралып тұрады. Аттестаттау барысында  іс құжаттарын  талапқа сай  жүргізілетіндігі анықталды. Іс- құжаттарын  тексеруге арналған ержелер,  атап айтдқанда,  сынып журналын, күнделік, жеке  іс қағаздарын тексерулер осы ережелерге  сай   жүргізіледі.

       Ай сайын  мектепішілік   бақылау  жоспарына сәйкес  директордың бұйрығы шығарылып, тексеру  мерзімі мен   комиссиясы  анықталып отырады. Дегенмен, тексеру  нәтижелері бойынша  жазылған анықтамалар  қысқа,   сараптамасы аз. Мектептегі   білім  алушылардың  білім   сапасына ішкі  бақылауды  ұйымдастыру   мақсатында  тоқсанына бір рет 1 -4,  5-11 сыныптардан бақылау тестері  алынған, нәтижелері  әдістемелік   бірлестік отырысында  қаралған.


р/н

Көрсеткіштер

2022 – 20223жж.

1

Класс – комплект

32

2

Оқушылар  саны

568

3

1 - 4 сынып

180

4

5 -9 сынып

340

5

10-11 сынып

48

6

1 сынып  қабылдау

33

7

10 сынып  қабылдау

25

8

Ағылшын  тілі

-

9

І кезең  оқушы  саны

282

10

ІІ кезең  оқушы  саны

286

11

Сыныптан  қалғандар

-

12

Үздіктер  саны

118

13

Екпінділер саны

229

14

"Алтын  белгі " саны

-

15

Грантқа  түскендер     саны

7

16

Үздік  аттестат

6

17

"Ерекше  аттестат"

-

18

Түлектер саны

64

19

11 сынып

23

20

9 сынып

41

21

Үйден оқытылатын оқушы саны

3

22

Білім сапасы

64,8 % 



Білім алушылардың білім сапасын бағалау


Білім сапасы:   

2021 – 2022 оқу жылында мектеп бойынша  білім сапа 64 пайыз көрсетті, 2022-2023 оқу жылы – 64,8 %, 0,8 пайызға өсіп отыр. 


 


Оқушылардың қозғалысы бойынша есеп:

Оқу жылы

Оқушы саны

Сыныптар

1-4

5-9

10-11

2022-2023

568

180

340

48



Білім  сапасының төмендеуінің негізгі себебі оқушы санының  өсуімен  байланысты   


Жалпы мектеп бойынша үздік және екпінді оқушылар саны



2022-2023 жж.

Үздіктер саны

118

Екпінділер саны

229


«Еңбек орта мектебі – Өрнек бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің   тоқсан бойынша   білім сапасының көрсеткіші

Оқу жылы

І тоқсан

ІІ тоқсан

ІІІтоқсан

IV тоқсан

2022-2023

59

62,5

64,8

64,8


Білім сапасы мен үлгерім туралы мәлімет, қорытынды аттестаттау. 

2022-2023  оқу жылының 1-тоқсанның басында  мектеп бойынша 561 оқушы болған.  

4- тоқсанда мектепке   19  оқушы келіп,    12 оқушы кетті. Жылдың  аяғында оқушы саны  568/294қ болып тіркелді. 

Мектебіміздегі оқушылар бір мектеп ғимаратында, екі ауысымда оқиды.

1 - 4сыныпта- 180 оқушы, қыздар саны-95

5 - 9 сынып-  340  оқушы, қыздар саны- 179

10 - 11 сынып-  48 оқушы, қыздар саны -20

Мектептегі даярлық сыныбы- 2, оқушы саны -42

0 қазақ сыныбы- 12

0 орыс сыныбы–30

БАРЛЫҒЫ: 0 – 11 сыныптар 610 оқушы білім алуда.

Мектеп бойынша Оқу үздігі – 118, оқу екпіндісі – 229 сапа 

                             64,8 %  Үлгерімі: 100 %



   




 
   

   


   




          Оқу жылына сынып комплектілерін анықтағаннан кейін мектеп оқушыларының әлеуметтік статусын анықтау мүмкіндігіне ие болдық. Мектептің әлеуметтік паспортын дайындау тең құқылы білімге негізделеді. 

2022 - 2023 оқу жылында ерекше білімді қажет ететін оқушы саны – 3 болды. Жалпы иклюзивті  - 2 оқушы білім беру дегеніміз – барлық балаларды, соның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды, жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуіне, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамастан , балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.Еліміздің «Білім туралы» заңында: «Мемлекет өз тарапынан ерекше білім беруді қажет ететін тұлғалардың дамуы мен білім алуын, сонымен қатар дамуындағы және әлеуметтік бейімделуіндегі бұзылыстарын түзетуін қамтамасыз ету және ата –аналардың балалардың мүмкіндігі мен ерекшеліктеріне орай қалауы бойынша білім беру мекемесін таңдау құқығы бекітілген», – делінген.Осыған байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларды медицина-педагогикалық кеңестің қортындысына сәйкес,педагогикалық кеңестің шешімімен аталмыш балаларға инклюзивті білім беруді жетілдіру қарастырылды. 2022 -  2023   оқу жылында үйде оқытылатын 3 оқушыға   құжаттары жасалынып аудандық білім бөліміне сұраныс берілді. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 6 бап 16 тармағын орындау барысында, Есік қаласы Еңбекшіқазақ ауданының облыстық № 6 медико-психологиялық – педагогикалық кеңесінің ДКК анықтамасы негізінде, мектепішілік 2022 жылғы 31 тамыздағы  № 154/6 бұйрығы негізінде денсаулығында, ақыл-ой дамуында кемістігі бар балаларға үйде оқыту ұйымдастырылды. 

Бұл оқушылар:

6 «А» сынып оқушысы – Иминжан Нурай

8 «В» сынып оқушысы – Турсунов Имран 

8 «Ә» сынып оқушысы – Дүйсенханұлы Ұлан 

Үйде оқытылатын оқушыларға Мектепішілік бұйрық шығарылды,  мұғалімдер бөлініп, сабақ кестесі жасалынып, 

  

 

  

күнтізбелік жоспарлары тексеріліп, бекітілді. Үйде оқитын оқушылардың сабақтарына әкімшілік мүшелері, педагог - психологтар қатысып, ата-аналармен үнемі байланыс жасап отырдық. Ата-аналар тарапынан айтарлықтай ескертулер болған жоқ. 

  

   



 Мектеп әкімшілігі және сынып жетекшілер  тарапынан Үйден оқытылатын білім алушылардың үйлеріне барып зерттеу жұмыстары жүргізілді. 


  


                   Елімізде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға зор мүмкіндіктер бар. Функционалдық сауаттылық - бұл, білім мен адамның көпжоспарлы іс-әрекеті арасындағы біріккен, жеке тұлғалық қалыптасуының көрсеткіші. Білім алушыларды халықаралық тәжірибеге сүйеніп,әр мектеп өз білім алушыларын сырттай бағалау жүйесіне дайындау жұмыстары жүргізді. Оқу бағдарламаларындағы өзгерістер мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартының күтілетін нәтижелеріне сәйкес функционалдық сауаттылық пен құзыреттілікті өлшеуге бағытталған сұрақтар халықаралық салыстырмалы зерттеулері PIRLS,TIMSS,PISA арқылы білім алушылардың дағдыларын меңгеру срезіне енгізілетіндігі белгілі. Бірақ, халықаралық зерттеуге дайындық жоспары бар болғанымен жүйелі түрде  жүргізілмеді. Алдағы оқу жылында функционалдық сауаттылықты бағалаудағы басымдықтары болатын математикалық,жаратылыстану бағыттары бойынша жүмыс жүргізіп ,әр пәннен функционалдық сауаттылық мониторингін жүргізу   алдағы уақытта жоспарлануда.

Негізгі мектепті бітіру бойынша 2022 -2023 оқу жылында  9-сыныпты 41 оқушы аяқтап, негізгі орта білім туралы «Үздік»   аттестатты 5 оқушы иеленді. Олар: 1) Омархан Аяжан, 2) Ауэзов Айдос, 3) Новак Дарья,             4) Супиева Азиза, 5) Камалова Жанэля 

2022 - 2023 оқу жылында  11-сыныпты 23 оқушы аяқтап, орта білім туралы «Үздік»  аттестатты»  1 оқушы иеленді – Кенжехан Жанмұхамед. 

2022-2023 оқу жылында алдыңғы жылға қарағанда 9-сыныпты бітірушілер саны үш есіге артқан. «Үздік аттестат» алған оқушы саны да 3-ге өсті. 2021-2022 оқу жылымен 2022-2023 оқу жылындағы салыстырмалы мониторинг  пәндер бойынша мынандай көрсеткішті көрсетті.

Қазақ тілі-1 % -ға артса,қазақ әдебиеті 2% -ға төмендеген,ағылшын тілі-7 % -ға артса,математика 2 % -ға артқан, информатика 9% -ға артса, биология 4% -ға төмендеген, химия 2% -ға төмендеген, төмендеген,дүние тарихы 1% -ға төмендеген.

9- сыныптардаға екі жылғы мониторингті талдау барысында жоғарыдағы пәндерден білім сапаның олқылықтары анықталды. Алдағы оқу жылында қазақ әдебиеті, физика, химия,биология,география , дүние тарихы пәні мұғалімдеріне кәсіби деңгейлерін арттыру мақсатында әдістемелік көмек көрсетуді жоспарлауды қарастырдық.

Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқушының дамуындағы оның үлгерімінің үлкен мәні бар. Баланың жеке басын жан-жақты дамытуға бүгінгі таңда білім беру саласындағы оқу процесіндегі оның үлгерімі негізгі роль атқарады. Мектепте оқушылардың оқу мен тәрбиелеу бағдарламалары және жағдайлары бірдей болғанмен, білімді игеруде барлығы бірдей емес. Оқушылардың үлгерімінің көрсеткіштері, оқу міндеттеріне қатынасы, тәрбиелері, даму деңгейлері әртүрлі болып келеді. Білім беру орындарында оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша қоғам мен мемлекеттің алдында, олардың үлгермеушіліктерін уақытылы жою міндеттері тұр. Олардың көптеген себептері болуы мүмкін.

«Үлгермеуші деген кім?» деген кім деген сұрақ туындайды .Үлгермеуші- оқу үрдісінде бір мезгіл аралықта кешенді, қорытынды дайындығы байқалмайтын оқушы.

         Үлгерімі төмен оқушыларда дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар.Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді. Оқушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау,қорыту және жүйелеу.Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты.Оқушы меңгеретін материалдың қиындығына соқтыққанда ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады.Осыдан кейін ол материалды толық игереді. Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, тарататын және көрсететін көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі қажет.


2022 – 2023 оқу жылында тамыз айында сабақ кестесі құрылып, педагогикалық кеңестің шешімі бойынша мектеп директорымен бекітілді.

  


   



        Мектепішілік №472 бұйрыққа сәйкес  бақылау- оқу- тәрбие үрдісін алға жетелеудің алғышарты. Мектеп iшiндегi бақылау – қойылған мiндеттерге сәйкес тұтас педагогикалық процеске түзетулер енгiзу мақсатында оқу-тәрбие процесiн жан-жақты зерттеу мен талдау. 

Мектепішілік бақылаудың негізгі  мақсаттары білім беру аясында ҚР заңдылықтарын сақтану,білім беру аясында мемлекеттік саясат принциптерін жүзеге асыру,мекеменің іскерлігін көрсететін нормативті құқықтық актілерді жүзеге асыру,білім беру үрдісіне қатысушылардың құқығы мен бостандығын қорғау,білім беруде азаматтардың ата заң құқығын ұстану,мемлекеттік білім беру стандартын ұстану,білім беру сапасын арттыру механизмін дамыту,оқу үрдісі нәтижесінің тиімділігін арттыру,соңғы нәтижені арттыру жауапкершілігіне байланысты білім беру мекемесінің өзіндік принциптерін дамыту,оқыту үрдісін дамыту тенденциясына талдау және болжау жасау болып табылады.

Осыған сәйкес, баланың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету үшін бақылау, мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау, оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жағдайын бақылау, базалық және қосымша білім беруді қамтамасыз етуді бақылау, мектептегі тәрбие жұмысының жағдайын бақылау, Оқу-тәрбие процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу сапасын бақылау, Оқу-тәрбие процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу сапасын бақылау бөлімдерібойынша жүзеге асырылды. Сондай-ақ пәндердің оқытылу сапасына бақылау кестедегі мерзімге сәйкес жүргізілді және кесте сырғымалы принцип бойынша ауыстырылып отырады.


  



  

Мектепішілік бақылауды ұйымдастыруда кері байланыс пен түзету қызметінің тиімділігі: «тігінен» (әкімшілік-мұғалім) және «көлденеңінен» (басқару субектілері арасында)  жүзеге асырылды.  

Мектепішілік бақылаудағы  әрекеттерді түзету мен реттеу бойынша пәндер бойынша бақылау, зертханалық, сарамандық жұмыстарды орындау нормаларына бақылау жүргізіліп отырды Тоқсан сайын пән бірлестік жетекшілерінің басшылық жасауымен әр пәннен оқу бағдарламаларының орындау нормаларына бақылау жүргізіліп отырды. Тоқсан сайын пән бірлестік жетекшілерінің басшылық жасауымен әр пәннен оқу бағдарламаларының орындалуы жайында актілер жасалынып отырды. Актілерде көрсетілген сағат сандарының сәйкестігі журнал бойынша оқу-ісінің меңгерушілерімен тексеріліп отырады. 2022 - 2023 оқу жылында  пәндер   бойынша  оқу бағдарламалары  жоспарланған   жоспарларға сәйкес  жүргізілді. Әр  әдістемелік  бірлестіктің   оқу  бағдарламаларының  орындалуы   туралы  актілері бар. 

Физика, химия, биология пәндерінен былтырғы оқу жылында   практикалық және сарамандық   жұмыстар өз дәрежесінде   өткізілуіне мүмкіндіктер болмайтын еді. 2022 - 2023 оқу жылында қашықтықтан оқыту жағдайында bilimland платформасында тәжірибе мен зертханалық жұмыстарды жүргізуде 3d форматында   виртуалды зертхана мен вертуалды сыныптардың көмегімен көрсету арқылы өз шешімін тапты.  Жалпы жоспарланған бақылаулар жүзеге асырылды. 

Технология пәнінен де материалдық-техникалық базаның нашарлығынан шығармашылық жобалар, сарамандық, шығармашылық жұмыстарды орындауда кедергілер келтірсе, оқудың онлайн форматында олар өз шешімін тапты.

Жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында белгіленген талаптарға оқушылардың білім білік дейгейлерінің сәйкестігін анықтау үшін тоқсан сайын әр пән мұғалімдері тарапынан және жалпы мектеп бойынша оқушылардың білім деңгейінің мониторингі жасалынып отырды. Мониторинг негізінде сыныптардың басым көпшілігінде оқушылардың білім, білік, дағды сапаларының көрсеткіштері стандарт талаптарына сай екендігі анықталды, бірақ төмендегі көрсетілген сыныптардағы сапа көрсеткіштерінің төмендігін атап өтпеуге болмайды:   орта буында  8 «А» ,8 «Б», 9 «Б», жоғары сыныпта 10»Б» сыныбы және осы сыныпта  үлгерімі (92,3)  де төмен. Бұл сыныптарда жаңа оқу жылында жұмысты белсендіру қажеттілігі және іс- әрекетті зерттеу және сабақты зерттеуді ұйымдастыруды талап етеді. 








Әкімшілік –басқару   құрылымы  2022 - 2023 оқу жылы


ТАӘ

Лауазымы

Туған  жылы

Базалық     білімі

Жалпы

еңбек

өтілі

 Осы мектептегі  еңбек  өтілі

Әкімшілік     басқару  курсы

Пән     бойынша  курс

1

Есенбаева Аида Рустамовна

директор

21.03.1980

жоғары

17

5

2021

2019

2

Бакиева Наргиз Османжановна

Директордың  оқу     ісі  жөніндегі  орынбасары

12.09.1986

жоғары

16

5

2021

2019

3

Жанаева Бану Нурахметовна

Директордың  ғылыми-әдістемелік  ісі     жөніндегі  орынбасары

06.03.1964

жоғары

37

19

2021

2019

4

Кагазбаев Мади Жумагалымович

Директордың  тәрбие ісі     жөніндегі  орынбасары

06.10.1984

жоғары

10

10

2018

2020

5

Сопиев Абдурашит Абдусаламович

Директордың  тәрбие ісі     жөніндегі  орынбасары

07.04.1994

Жоғары

4

1


2023

5

Галиева Динара Ришатовна 

Педогог ұйымдастырушы

25.04.1994

жоғары

2

6




                   Әкімшілік басқару қызметкерлерінің жұмысы мектептің штаттық кестесі 32 штаттық бірлікпен бекітілген. Осы штаттық кестеге сәйкес әкімшілік басқару қызметінде директор 1 бірлік, 1 бірлік педагог психолог, 0,5 бірлік педагог психолог,  2 бірлік оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2 бірлік тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары бекітілген. Лауазымдық нұсқаулықтарда әрбір әкімшілік басқару қызметтерінің міндеттері көрсетілген. Мектептің әкімшілік басқару қызметкерлерінің орта жасы – 40, осы қызметтегі еңбек өтілдері директор   Есенбаева А.Р..- 5 жыл, әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Жанаева Б.Н..-7 жыл, тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары Кагазбаев М.Ж.- 6 жылдан жоғары, оқу ісі жөніндегі орынбасары Бакиева Н.О.-3 жыл, педагог психолог Имерова Ф.А..- 2 жыл, педагог психолог Галиева Д.Р.-2 жыл,  ал педагог-ұйымдастырушы Галиева Д.Р. осы қызметтегі еңбек  өтілі-2 жыл. 

Әкімшілік басқару қызметкерлерінің біліктілік санаты бойынша: педагог-зерттеуші-2, бірінші санатты-1, педагог модератор-1. Әкімшілік –басқару  қызметкерлерінің  арасындағы   қызметтік  міндеттерді  бөлудің,   тиімді,  ұтымды  жақтары   көп.  Әр  қызметкердің   функционалдық  міндеттері  мен   атқаратын  қызметтері  мектеп   директорымен  бөлініп  беріліп,   бекітілген.  

  Ұсыныс:   Әкімшілік-басқару   қызметкерлерінің  пән  бойынша   және  әкімшілік  басқару   қызмет  бойынша  біліктілік   арттыру  курстарынан  өтуін   ұйымдастыру.  

Басқару   қызметкерлерінің  аудандық,  облыстық   ұйымдастырылатын   семинарларға  қатысуын  қамтамасыз   ету.